RU

74 жастағы азамат өзін пәктігінен айырған жатпланеталық ару туралы айтып берді

74 жастағы Нью-Йорк тұрғыны Дэвид Хаггинсті жатпланеталық ару пәктігінен айырыпты. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ақсақал алғаш рет жатпланеталық өркениетпен сегіз жасында танысқанын айтуда. Ал 17 жасқа толғанда олардың қарым-қатынасы басқаша өрбіпті. Ол өмірінде бірінші рет интимдік қатынасқа Кресинт атты өзге планеталық жаратылыспен түскен.

"Мен орманда серуендеп жүріп, ағаш көлеңкесінде отырған қызды көріп қалдым. Ол маған жақындай бастағанда, құштарлығым оянды. Ару маған қарап тұрды, менің жыныстық құштарлығым күшейгені соншалық, жаныма батып ауыра бастады. Сосын мен оған қарап тұрып есімді жоғалттым. Пәктігімнен айырылдым", - дейді Дэвид.

Ақсақалдың пікірінше жатпланеталықтар оны ұрпақ көбейту үшін пайдаланған. Дэвид өзін 60 шақты жартылай келімсектердің әкесі болуым мүмкін деп санайды.

Қазір ол өзі салған картиналарын жатпланеталық ғашығына арнап жүр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709721-74-zastagy-azamat-zin-pktiginen-ajyrgan-zatplanetalyk-aru-turaly-ajtyp-berdi.html