RU

Баян Алагөзова күйеуінен зорлық көрген әйелдердің әңгімесін тыңдап, жылап қалды (фото)

Баян Алагөзова күйеулерінен зорлық пен қорлық көрген келіншектермен кездесті деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Алматыдағы "Arasha" баспанасын паналап жатқан сегіз әйелдің жан сырын тыңдаған продюсер көзіне ерік беріп, келіншектерге қолдау білдірген.

«Біздің үйге Баян ханым келетінін естігенде таң қалдым. Күйеуімнің соққысынан кейін мені іздеген тек анам және осы кісі болды. Бір сағат бойы болған оқиғаны айтып бердім, тыңдады. Бізбен бірге жылады, күлді «бәрі жақсы болады, сендер қауіпсіз жердесіңдер» деп сендірді. Расын айту керек, күйеуім ұрып қолымды, жағымды сындырған соң, өмірден баз кешіп кеттім. Күйзелісте жүрген сәтте мұңымды бөлісіп, жұбатқанына қатты риза болдым», - деді зардап шегуші Салтанат Тоқсанбаева.

Атышулы продюсер отбасылық зорлықтың құрбаны болып, жапа шеккен әйелдерді өз іздеп барып, олардың өмірімен жіті танысқан. Ондағы мақсаты өзі ашқалы отырған баспананы осындай жандарға ыңғайлы ету.

Бір біріне ұқсамайтын өмір, әртүрлі әйелдер. Олардың басын тек бір ғана қасырет қосқан. Ол - отбасылық зорлық-зомбылық. Бүгінгі екі сағатымды осындай жандардың әңгімелерін естуге арнадым. Әйел не істей алады? Жылайды және жақсылыққа үміттенеді. Тіпті, үйлеріне орала алмайды. Отбасында оларды зұлым, жендет, езуші күтіп отыр. Олардың әрқайсы үшін жүрегің ауырады.», - деп жазды Баян Мақсатқызы желідегі парақшасына.

Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандары үшін "Arasha" баспанасы көмек қолын созады. Байланыс телефоны: 87273175717

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709728-baan-alagzova-kjeuinen-zorlyk-krgen-jelderdi-gimesin-tydap-zylap-kaldy-foto.html