RU
10 мың доллар: Қайрат Нұртас жаңажылдық гонорарын көтеріп жіберді
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

10 мың доллар: Қайрат Нұртас жаңажылдық гонорарын көтеріп жіберді

Рассказать Вконтакте

Отандық жұлдыздармен хабарласқан Sputnik Қазақстан тілшісі әртістердің Жаңа жыл кешінде қанша долларға өнер көрсететінін анықтап білді деп хабарлайды NUR.KZ.

Роза Рымбаева мерекеде өнер көрсететін ең қымбат жұлдыздардың көшін бастады.

Әншіні шақырғандар 8-10 мың доллар ($1 үшін 335 теңге бағамымен 2 680 000 — 3 335 000 теңге) төлеуге әзір болуы тиіс. Бұл сомаға әнші сахнада 30 минут өнер көрсетіп, қонақтармен суретке түседі.

Екінші орынға Қайрат Нұртас жайғасты. Қайрат 7 —10 мың долларға (2 345 000 — 3 335 000 теңге) өнер көрсетеді.

"KeshYou" тобының экс-мүшесі Жанар Дұғалова рейтингте үштікті тұйықтады. Ол бес-алты ән орындағаны үшін 5-10 мың доллар (1 675 000 — 3 335 000 теңге) сұрайды.

Төртінші орынды басы даудан арылмай жүрген әнші Төреғали Төрәлі иеленді. Ол 8 мың долларға (2 680 000 теңге) ән шырқайды.

Үздік бестікті Мақпал Исабекова түйіндеді (5 8 мың доллар немесе 1 675 000 — 2 680 000 теңге).

Ділназ Ахмадиеваны 5-8 мың долларға (1 675 000 — 2 680 000 теңге) тыңдай аласыз

Мәдина Сәдуақасованың гонорары болса 5 мың доллар (1 675 000 теңге). Тағы мың доллар қоссаңыз, әнші кештегі қос жүргізушінің бірі болуға дайын.

Ерке Есмаханның өнері 6 мың доллар (2 000 000 теңге) тұрады.

Әнші Луинаның гонорары 3,5-6 мың доллар (1 200 000 — 2 000 000 теңге) аралығында.

Парвиз Назаровтың өнері 3,5-5 мың долларға (1 172 500 — 1 675 000 теңге) бағаланады.

Айқын Төлепберген 4 мың долларға (1 400 000 теңге) кешті жандыруға дайын.

Әли Оқапов өнері үшін 3,5-4,5 мың доллар (1 200 000 — 1 500 000 теңге) сұрайды.

Ал Кәмшат Жолдыбаева 2,6 мың долларға (900 мың теңге), Маржан Арапбаева 2-4 мың долларға (670 000 — 1 675 000 теңге), KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Ақбота Сейтмағамбет 2 мың долларға (670 000 теңге) өнер көрсетеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
36
8
7
4
9
11
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel