RU
Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады
Жаңалықтар Қоғам

Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады

Рассказать Вконтакте

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) үлескерлердің қаражатын тарта отырып, Қор кепілдігін алуға үміткер құрылыс салушыларды өтінімнің электронды нысанымен таныстырды.

Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады

Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады

Қордың, құрылыс компаниялардың, банктердің және мемлекеттік органдардың өкілдері үлестік құрылыс саласындағы мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылаған Консультативтік кеңестің жұмысы барысында Қор өкілдері «Digital Baiterek» аясында Холдингтің компаниялар тобының әрбір еншілес ұйымы өзінің онлайн өнімін ұсына алатын негізгі артықшылықтар туралы айтып берді.

Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады

Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады

Құрылысты аяқтау бойынша Қор кепілдігін алу үшін өтінім ұсынуға шешім қабылдаған құрылыс компаниялары үшін артықшылық неде? «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жұмашов Данияр электронды нысан – өтінімді рәсімдеумен қатар, қазіргі таңда өтінімді тапсыру үшін құрылыс компаниялары қолма қол әкеліп тапсыратын 800 парақтан тұратын құжаттардың 25 түрін бірнеше есеге қысқартатыны туралы айтып өтті.

Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады

Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады

Өтінімді тапсыру процесін автоматтандыруды ескере отырып, құжаттардың тізбесі 60 параққа дейін қысқаратын болады. «Қағаз» тізіміне: қаржы жылына арналған аудиторлық есеп, хат – Қордың ақпараттық жүйелерден құрылыс салушы тралы ақпарат алу ұсынылған құрылыс салушының келісімі, сондай-ақ құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері кіреді. Өтінішті қарау мерзімі - 15 жұмыс күн.

Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады

Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады

Нәтиже - құрылыс компаниялары, оның ішінде аймақтық компаниялар үшін уақыт пен шығындарды үнемдеу, онлайн тәртібінде өтінімді қарау мерзімін бақылау мүмкіндігі. Кепілдік беру қоры процедураларды жеңілдету жолында ауқымды жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылдың қазан айында енгізілген үлестік құрылыс мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны өзгерту, еепілдік жарнасының мөлшерлемесін 2% деңгейінде белгіледі (ол жобаның жалпы құнына байланысты 2% -дан 6% -ға дейін өзгеріп отырды).

Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады

Үлестік тұрғын-үй құрылысы электронды «терезе» арқылы өтінім тапсыруға шақырады

Құрылыс компанияларына ыңғайлы болу үшін Қорға екінші рет өтініш беру кезінде қайталанатын құжаттардың көшірмесі алып, кепілдеме алу үшін құжаттарды қарау қағидасында құжаттардың түпкілікті тізбесі анықталды. Қазіргі таңда Кепілдік беру қорымен Астана және Алматы қалаларындағы екі объектіге 9,4 млрд. теңгеге екі кепілдік берілді. Қор 20 млрд. теңгеге кепілдендіріліп, жобалар пулын 200 млрд теңгеге кредиттей алады. Қордың жұмыс портфельінде құны 40 млрд теңге болатын, шамамен 20 жоба бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір