Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иманғали Тасмағамбетов елшілік қызметінде қандай істерімен көзге түсті? (фото)

Опубликовано:

Еліміз алпауыт екі мемлекеттің ортасында орналасқан. Бірақ сыртқы саясатта «алтын аралық» деген ұғым қалыптасқан. Кезінде ғұлама ғалым Аристотель дұрыс шешім қабылдау үшін «алтын аралықтың» нүктесін таба білу маңызды екенін және үлкен шеберлікті қажет ететіні айтқан еді. Дипломатиядағы көп векторлы аталып жүрген ұғым – бұл – біздің еліміздің өзін қоршаған әлеммен көпжақты байланыстарын дамытудан туған табиғи таңдауы деп жазады NUR.KZ

Сол себепті де Ресеймен байланыс орнату және жоспалы түрде жұмыс жасай білу Қазақстан үшін өте маңызды. Бір жыл ішінде Ресейдегі Елшіміз Иманғали Тасмағамбетовтың БАҚ көзімен атқарған маңызды мәселелеріне тоқталып өтсек.

22.02.2017

Иманғали Тасмағамбетов РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары – статс-хатшы Григорий Карасинге сенім грамотасының көшірмесін тапсырды. Содан кейін ол РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Тараптар қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму болашағын талқылап, қос елдің интеграциялық құрылым аясындағы қарым-қатынасын, сонымен бірге аймақтық және халықаралық мәселелердің өзекті сұрақтарын қаузады.

16.03.2017

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Президенті Владимир Путинге сенім грамотасын табыстады.

Ресей басшысы құттықтау сөзінде Қазақстан Ресейдің сенімді серігі әрі стратегиялық әріптесі екендігін аттап өтті. Ол екі ел арасындағы байланыстардың және көптарапты институттар мен интеграциялық процестердің аясындағы қарым-қатынастардың деңгейіне ризашылығын білдірді, сонымен қатар одан арғы екіжақты ынтымақтастықты бекітуге мүдделі екендігін жеткізді.

14.04.2017

Иманғали Тасмағамбетов ММХҚИ (МГИМО) өткен «Каспий диалогы» экономикалық форумы барысында, «Каспий – өңірлік державалардың геосаяси және әскери-саяси мүдделері тоғысқан жері ғана емес, ол шығыс пен батысты байланыстырып, тоғыз жолдың торабына айналған Ұлы Жібек жолының көліктік хабы» екенін жеткізді.

24.05.2017

Елші Патриарх Кирилға Мәскеудегі Иса ғибадатханасында «Достық» орденін табыс етті. Орыс Православ шіркеуінің басшысы Н.Назарбаевтың қаулысымен «Қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастардың дамуындағы зор еңбегі және Қазақстан мен Ресей халқы арасындағы бейбітшілік, достық пен ынтымақтастықтың нығаюына қосқан үлесі үшін» жоғары марапатына ие болды.

25.05.2017

Сондай-ақ ол Қазан қаласында Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Татарстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жекелеген кәсіпорындар желісі бойынша дамытудың түрлі жолдары қарастырылды.

29.05.2017

Иманғали Нұрғалиұлы Мәскеуде қазақстандық студенттермен кездесті. Жастармен кездесу кезінде Елші Қазақстандағы жас түлектерге берілетін зор мүмкіндіктерді айтты және Елбасының Үшінші жаңғыру жоспарына сәйкес, кәсіби кадрлардың қажеттігі еліміз үшін жоғары мәнге ие екендігін жеткізді.

30.06.2017

РФ ҚР Елшілігі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына орай салтанатты қабылдау өткізді.

Өз сөзінде Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарын баяндап, ширек ғасырдағы еліміздің сыртқы саяси қызметі мен табыстарын қорытындылады.

22.09.2017

Иманғали Тасмағамбетов пен РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары –статс-хатшы Григорий Карасин Қазақстан мен Ресей арасындағы транзиттік пойыздарды шегаралық бақылаудан босататын Хаттаманы ратификациялау туралы грамоталардың күші жойылғаны туралы құжатқа қол қойды.

26.10.2017

Елші «Ресей-Қазақстан: дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл» конференциясына қатысты. Өз сөзінде елші екі елдің байланысы тереңде жатқанын атап, мәдени және тарихи байланыстарға тоқталды. Сонымен бірге, Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткендей, алдағы даму бағдары қос мемлекеттің ынтымақтастығының қайнар көзі халықтар достығында жатқандығына ерекше тоқталды.

17.11.2017

Иманғали Нұрғалиұлы Ресей Федерациясының Адам құқықтары жөніндегі құзіретті өкілі Татьяна Москальковамен кездесті. Келіссөз кезінде екіжақты гуманитарлық ынтымақтастық пен еуразиялық кеңістіктегі құқыққорғау құндылықтарын ынталандыру және дамыту мәселелері көтерілді.

17.11.2017

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеудегі ҚР Елшілігі ғимаратын жөндеуден өткізді. Дипломаттарға арналған жаңа нысанның жайлылығы, кеңдігі әрі қауіпсіздігі жаңа стандарттарға сәйкес жасалған. Осылайша Ресейдегі Қазақстанның басты кеңсесі заманға сай етіліп қайта жаңғырды. Ресми нысан екі елдің екпінді қарым-қатынасы мен берік достығының белгісіндей еңселі.

11.12.2017

Иманғали Тасмағамбетов РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары –статс-хатшы Григорий Карасинмен кездесуі кезінде РФ СІМ «халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін», «екі ел арасындағы стратегиялық және одақтық қатынастардың дамуына, мәдени диалогтың тереңдеуіне, сонымен бірге ортақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы қарым-қатынастарға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

14.12.2017

РФ ҚР Елшілігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Өз сөзінде Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов 26 жылдық ел тарихында тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен жас мемлекет өткен ғасырдың 90-шы жылдарында талай сынақтарды өткеріп, зор тәжірибе жинағанын, сондай-ақ ірі реформаларды енгізуде үлкен қадамдар жасағанын айтты.

Осы жылы елші мырза Ресейдің қазақтары көп шоғырланған елді мекендерге барып, халықтың жай-күйімен танысып қайтты. Мәселен, Иркутск өңірінің губернаторымен кездесуі.

Сонымен қатар, елшіліктің өзінде де АҚШ, бірқатар Африка мемлекеттерінің, Беларусь, Молдова, Әзірбайжан, Армян, Өзбекстан, Қырғыз, Түркіменстан, Тәжікстан ТМД елдерінің елшілерімен кездесуі өтті.

PS. Жалпы елшіліктің атқарған жұмысын санмен жіктейтін болсақ, жыл он екі айда 22 конференция, 46 халықаралық дөңгелек үстел және елден келген 40-тан астам ресми уәкіл топтың жұмысы ұйымдастырылды. Ең бастысы, Сочи мен Челябі қалаларында Елбасының қатысуымен ірі шаралардың өтуіне мұрындық болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1709790-imangali-tasmagambetov-elsilik-kyzmetinde-kandaj-isterimen-kzge-tsti-foto/

pixel