RU

Қырғыздың айыр қалпағын итке кигізіп қойғандар халықтан кешірім сұрады

«Бішкек Парк» ойын-сауық орталығының басшылығы қырғыздың айыр қалпағын итке кигізіп қойған қыз үшін кешірім сұрады. Бұл туралы kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Dog's Fashion Show – 2018" байқауын ұйымдастырушылар үй жануарлары мен қатысушылар сахнаға қандай киімде шығатынын бақыламадық деп ақталды. Сондай-ақ онда конкурс бағдарламасы мен киімдерге қатысты нақты шарттар болмаған.

«Қатысушылардың қателік жіберіп, қырғыздың ұлттық бас киіміне ұқсас қалпақты иттің басына кигізгені үшін өкініш білдіреміз. Олардың атынан кешірім сұраймыз», - деді «Бішкек Парк» ойын-сауық орталығының басшылығы.

Сондай-ақ үй жанурының иесі мұндай әрекетті ешқандай арам пиғылсыз жасағанын түсіндірді.

«Бұл қандай да бір жаман оймен немесе Қырғызстан халқын қорлау мақсатында істелген жоқ», - дейді олар.

Айта кетейік "Dog's Fashion Show - 2018" конкурсы кезінде бойжеткен өзінің төрт аяқты досына қырғыздың ұлттық бас киімі айыр қалпақты кигізіп шыққан еді. Бұл көптеген желі қолданушыларының ашуын келтірді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709840-kyrgyzdy-ajyr-kalpagyn-itke-kigizip-kojgandar-halyktan-kesirim-srady.html