RU

Астаналықтарды базардағы еттің ішінен шыққан құрт шошытты (фото)

Астаналық тұрғын Наталья Маслова сатып алғаны етінің ішінен ұзындығы 10 см болатын құрт шыққанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Құрметті, астаналықтар! «Әлем» сауда үйіндегі ет бөлімінде тарақанның жүргені жайлы естіп, ғаламтордан оқып, мән бермеп едім. Келе жатқан мерекеге орай бүгін ет сатып алсам, қаптың ішінде мынандай құрт жүр. Сиырдың жас еті, бағасы - 1800 теңге. Мен мынаны көріп шошып отырмын», - деп паразиттің суретін facebook желісіне салды.

Жазба әп сәтте желіде таралып тұрғындар базарлар мен сауда үйлеріндегі азық-түлік бөлімдерінде тазалықтың жоқтығын айтып дабыл қағып жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709946-astanalyktardy-bazardagy-etti-isinen-sykkan-krt-sosytty-foto.html