RU

Әлемге танымал модельдің жалаңаш суреттері желіде тарап кетті (фото)

37 жастағы ең табысты модель Жизель Бунтхеннің жалаңаш суреттері желіде тарап кетті. Бұл туралы womanhit.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бразилиялық ару Жизель Бунтхен эротикалық суретттерге Vogue журналына арналған фотосессия кезінде түсіпті. Алайда бұл таңғалатын жағдай емес. Себебі модельдік бизнесті 14 жасында бастаған ол ешқашан ұялшақтық танытқан емес.

2015 жылы бикеш өзінің ашық тәнімен түскен 300 суретінен альбом жасап, 700 АҚШ Долларына сатқан болатын.

Жизель Бунтхен 2009 жылдан бері америкалық футболист Том Бредидің жары. Жұлдызды жұптың екі баласы бар. Ал бұрынырақ модель атақты актер Леонардо Ди Каприомен бес жыл кездесіп, әлемдегі ең әдемі жұптар қатарына енген еді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709967-lemge-tanymal-modeldi-zalaas-suretteri-zelide-tarap-ketti-foto.html