RU

Жаңа жыл кешінде қандай көйлек сәнді болмақ?

Сән саласындағы мамандар Жаңа жыл мерекесінде қандай көйлек сәнді болатынын айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар Жаңа жылда қыстың басты тренді болған барқыт матаны таңдауға кеңес беруде. Ал оның қандай түсте болатынын өз талғамыңызға сай таңдаңыз.

Мұндай матадан тігілген көйлектің жақсы тұсы - оны жаңажылдық кештен кейін де киіп жүре аласыз. Мәселен, барқыт көйлек театрға барғанға таптырмас киім болмақ.

Көйлекпен ірі әрі жылтыр аксессуарлар әдемі үйлеседі. Себебі, максимализм сән әлеміне қайта оралды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709995-zaa-zyl-kesinde-kandaj-kjlek-sndi-bolmak.html