RU

Қазақтың ит жылы туған мақтаныштары (фото)

Жаңа 2018 жыл ит жылы болмақ. Осы орайда Massaget.kz ит жылы туған ел мақтаныштарын тізбектеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы – Кеңес одағының батыры, стратег және тактик, жазушы, әскери қолбасшы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері.

Әзілхан Нұршайықов

Әзілхан Нұршайықов – қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан дарынды жазушылардың бірі. Оның «Махаббат, қызық мол жылдар» романы талай оқырманды тәнті еткен.

Тоқтар Әубәкіров

Тоқтар Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Ол КСРО-ның 72-ші, әлемнің 256-шы ғарышкері саналады.

Геннадий Головкин

Геннадий Головкин – орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие қазақстандық боксшы.

Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген – Қытайда өткен I am singer ән байқауында екінші орынды иеленіп, әлемге танымал болған қазақ әншісі.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709998-kazakty-it-zyly-tugan-maktanystary-foto.html