RU

Атыраулық жетім қыз пәтер үшін жігіттермен төсектес болып жүр (Фото, видео)

Атырау қаласының тұрғыны Instagram желісінде парақшасын ашқалы бері оқырмандарын өзінің ерекше видеоларымен таңғалдырып жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Мөлдір Қалиеваның парақшасына 25-қарашадан бері 32 мың адам жазылған. Ал видеоларын 100 мыңнан астам адам тамашалапты. Онда бойжеткен өзінің қиын өмірі туралы баяндап отырады.

«Мен интернетке кіремін де жігіттерге жазамын. Квартираға ақша берші деймін. Жігіттер де тегін бере салмайды ғой, орнына бір нәрсе сұрайды. Жатайық дейді. Енді мен өтірік айтпай-ақ қояйын, соған келісемін. Себебі маған далада қалмау үшін ақша керек. Далада қақаған қыс», - дейді ол.

28 жастағы бойжеткен пәтер кезегін күтіп те шаршаған сияқты. Тағы бір видеосында әкімдікке өкпесін жеткізіпті. «Егер жеке үйім болса, соның шаруасын дөңгелетіп отырар едім» деп армандайды.

Мөлдірдің сөзіне сүйенсек, ол бұрындары туысқандарымен бірге тұрған тұл жетім. 20 жасында үшінші қабаттан құлап, омыртқасы мен аяғын қатты жарақаттап алыпты.

Мөлдірдің оқырмандары оған түрлі пікірлер жазып, тіпті психикалық ауытқуы бар ма деп күдіктенеді.

Ал Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл қыздың диспансерлік есепте тұрмайтынын мәлімдеді.

NUR.KZ тілшісі оның пәтер кезегіне қашан тұрғанын және нешінші орынға жылжығанын білмек болып Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласқан болатын. Олар жақын арада жауап беруге уәде етті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710009-atyraulyk-zetim-kyz-pter-sin-zigittermen-tsektes-bolyp-zr-foto-video.html