RU

Тәуекел Мүсілімнің анасына құрмет көрсеткен Қуандық Рахым елді жылатты (видео)

Бүгін Алматыдағы Республика сарайында сахнаға шыққанына бір-ақ жыл болған Қуандық Рахымның концерті болып өтті. Аз уақыттың ішінде елдің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген жас әншінің ән кешінде ине шаншар орын болмады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Сахнаға шыққанына бір жылдан енді асса да, Республика сарайында жеке əн кешін өткізіп жатқан Қуандық Рахымның концертінде ине шаншыр орын болмады. Қуандық əн кешін музыканттардың сүйемелдеуімен жанды дауыста өткізуде.

Əн кеші басталғанда Қуандықтың Қарағандыдан келген əжесі сахнаға шығып шашу шашты.

Əнші концерт барысында əжесі мен туған анасына, продюсері Жанна Əбуова мен Тəуекел Мүсілімнің анасына гүл шоқтарын сыйға тартты.

Қуандықтың аналарға көрсеткен сый-құрметі ақ жаулықты аналардың жүрегін тебірентіп, кей тыңдарман көзіне жас алды.

Сонымен бірге, ән кешінде Альбина Шардарова, Ақбота Сейітмағамбет, Мақпал Жүнісова, Мөлдір Әуелбекова сынды әншілер өнер көрсетті.

Концертте елге әнін айтып, бидің түбін түсірген Мақпал Жүнісова Төреғалидің елді шулатқан әрекеті үшін кешірім сұрап, жұртты таңғалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710042-tuekel-msilimni-anasyna-krmet-krsetken-kuandyk-rahym-eldi-zylatty-video.html