Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда үй алу үшін жезөкше атанған жетім қызға шенеуніктер жауап берді

Опубликовано:

Атырау әкімдігі пәтерге кезек күтуден тығырыққа тірелген жетім қыздың интимдік қызмет көрсетуге мәжбүр болғаны туралы шағымына қатысты жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Мөлдір Қалиева қалалық әкімдікке үй беруін сұрап жүгінді. Ол жетім ретінде үй алу кезегінде 105 нөмірмен 2012 жылдың 2 ақпанынан бері тұр. Оған үйді кезексіз беруге құқымыз жоқ - бұл заңға қайшы. Қалиевадан бөлек өзге де мұқтаж жандар кезекте тұр.

Біз оған өз кезегімізде жұмыс ұсындық. Алайда ол бас тартты. 2017 жылы оған 180 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Бұл бойжеткеннің әпкесі бар. Ол Мөлдірді өз үйінде тұрғызуға әзір. Тек Мөлдірдің жұмысқа тұрып, бейтаныс жігіттермен қарым-қатынасын доғаруын талап етуде", - дейді әкімдік өкілі Гүлбаршын Мендақұлова.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1710056-atyrauda-j-alu-sin-zezkse-atangan-zetim-kyzga-seneunikter-zauap-berdi/

pixel