RU

Сүйген қызын шарқ ұрып іздеген қырғыз жігіті желіні дүр сілкіндірді

Желіде сүйіктісі Айсұлуды іздеген қырғыз жігіті Қалыбектің хаты кеңінен таралуда. Жас жігіт сүйген қызының қайта оралуын тілеп, аялдамаларға хабарландыру жазуда.

Бұл туралы kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жас жігіттің айтуынша, Айсұлу "Фрунзе" кондитердік гипермаркетінде жұмыс істеген. "Іздеймін сені, Айсұлу" деп барлық аялдамаға хабарландыру жапсырып жүрген Қалыбек сүйген қызымен айырылысқан соң ғана оның бағасын түсінгенін айтады.

Болжам бойынша, Қалыбектің сүйіктісі ауылға кетіп қалуы мүмкін. Желіде қырғыз жігітінің бұл әрекетіне таңданып жатқандар көп.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710072-sjgen-kyzyn-sark-ryp-izdegen-kyrgyz-zigiti-zelini-dr-silkindirdi.html