RU

60 жыл бірге жүрген достар «туған бауырлар» болып шықты

Американың Гавайи штатында 60 жылдан бері дос болып жүрген екі азамат туған бауырлар екенін кездейсоқ біліп қалды. Бұл туралы ағайындылар телеарнаға берген сұхбатында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Алан Робинсон мен Уолтер Макфарлейн ғаламторда адамның ДНҚ анализдері арқылы отбасылық тамырын анықтайтын сайтқа бір-біріне айтпай, өз үлгілерін жібереді. Осылайша олар өздерінің түп тегі туралы білмек болыпты. Себебі Робинсон кішкентай кезінен асырап алған ата-анасының қолында өссе, Макфарлейн ешқашан әкесін көрмеген екен.

Желідегі анализ нәтижесін алғаш болып Макферлейн көрген. Ол өзінің хромосомалары Роби737 деген тіркелушімен тура келетінін біледі. Анықтай келе, Роби деген өзінің балалық шақтан бірге өскен досы Робинсон болып шығыпты.

Бір-бірін жаңа тапқан бауырлар басқа да туысқандарымен рождество мерекесінде қуанышты жаңалығын айтып бөлісті. Зейнеттегі қариялар енді бірге саяхат жасауды жоспарлап отыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710122-60-zyl-birge-zrgen-dostar-tugan-bauyrlar-bolyp-sykty.html