RU

Жазира Байырбекова: Аналарды ардақтаған елміз деген сөзге сене алмаймын

Жазира Байырбекова елімізде қыз-келіншектерге деген құрметтің тым төмен екенін айтты. Әншінің ойынша, елімізде 30% қыз-келіншекке ғана тиісінше құрмет көрсетіледі. "Аналарды, қыздарды ардақтаған елміз" деген сөзге аса сене алмайтынын Instagram желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Басы бос қыз-келіншектер елімізде өте көп. Әр адамның өзіне лайықты өмірлік серігі жанында болғаны жақсы. Егер сіз тұрмысқа шыққан адам сізді мүлдем бағаламай, керісінше өмір сүруіңізге, өсуіңізге, жүйкеңізге, денсаулығыңызға зиян келтіріп отыратын адам болса ше?!

Егер сіз 30-40 тан асып әлі тұрмыс құрмай жүрген болсаңыз Аллам сізді осындай қиындықтардан сақтап жүр деп есептеңіз .Бақыт адамға кез-келген уақытта, кез-келген жаста келуі мүмкін. Бір жағынан бермесе, басқа жағынан береді. Тағдырыңызды Аллаға сеніп тапсырып, жан дүниеңізді таза ұстасаңыз болғаны. Аллам сәтін салса жақсы адамды кезіктірер",- деп кеңес берді ол жалғыз жүрген нәзік жандыларға.

Сондай-ақ Жазира ажырасқан келіншектердің барлығы бірдей жаман емес екенін жеткізді. Әртіс ер азаматтарымыздың көпшілігі әйелінің мойнына мініп алған дейді.

"Тұрмысқа мүлдем шықпаған немесе қателесіп шығып, ажырасқан қыз -келіншектердің бәрі жаман емес. Қазақтың жігіттері мықты ғой. Бірақ қазір әйелдің мойнына үй шаруасын да, материалдық жағдайды да артып қойып, жәй ғана артып қоймай аяғына кісен салып қоятындар да бар.

Аналарды, қыздарды ардақтаған елміз деген сөзге аса сене алмаймын. 30 пайыз ғана шығар ардақтайтын. Қазақтың қыз-келіншектеріндей төзімді қыздар ешқандай елде жоқ...",- деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710143-zazira-bajyrbekova-analardy-ardaktagan-elmiz-degen-szge-sene-almajmyn.html