Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақ әншісі екінші әйел алуды қолдап шықты

Опубликовано:

Танымал қазақ әншісі Нұрлан Абдуллин екінші әйел алу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді. Ол егер бірінші әйелі рұқсат берсе, жас келіншек алуға кетәрі емес екенін жеткізді.

Бұл туралы әнші Hit TV арнасына берген сұхбатында айтты.

Көптен бері көрінбей кеткен әншінің айтуынша, егер бәйбішең рұқсатын беріп, "жас" келін алуға қарсы болмаса, онда неге алмасқа?!

"Егер үлкен әйелің рұқсат берсе, денсаулық секілді өзге себептермен ол өз келісімін беріп жатса, онда неге алмасқа?! Мен барлығы да келісім бойынша болуы керек деп ойлаймын. Өзіңді өзің, әйеліңді, балаларыңды алдап, жасырып екінші әйел алған дұрыс емес деп ойлаймын. Ол енді сатқындық болып саналады.

Ал демографияны көтеру үшін қазақ қыздарын мықты, саналы қазақ жігіттері алып жатса, онда оған қарсы емеспін. Мәселен, әйелің бала туа алмай жатса, әйелің сені сыйлап, ұрпақ қалсын деген ойда болса, онда әңгіме басқа.

Әйел адам өз отбасына мүше бола алатын адамды өзі сезеді ғой. Кейде, біз, ер адамдар, істеген ісіміздің арты не болады деп ойламай жатамыз. Біреуге істеген кез келген жамандығың өзіңе қайтып келетінін ұмытпаңыздар, ер-азаматтар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710145-tanymal-kazak-nsisi-ekinsi-jel-aludy-koldap-sykty/

pixel