RU
Желіде Айжан Байзақованы тұтқындаған сәттегі видео пайда болды

Желіде Айжан Байзақованы тұтқындаған сәттегі видео пайда болды

Рассказать Вконтакте

Атышулы Instagram жұлдызы Айжан Байзақованы ОМОН қызметкерлерінің қалай ұстағаны туралы видео пайда болды. Бұл туралы Today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Желіде таралған видеода клубқа арнайы жасақ қызметкерлері кіріп келіп, диджей пультінде тұрған қыз бен жігітті еденге жатқызғаны байқалады. Тіпті, атыстың дыбысын да естуге болады.

Алайда, Айжанның әпкесі мұны жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл хэллоуин мерекесі кезінде арнайы ұйымдастырылған көрініс екен.

Еске сала кетейік, қыздарды жалаңаштандырғаны үшін блогер Айжан Байзақова үш күнге қамалған болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel