RU

Қайрат Нұртас тағы бір тың жаңалығымен елді қуантпақшы

Түркияға гастрольдік сапармен барғалы жатқан әнші Қайрат Нұртас түрік тілінде бейнебаян түсірмек деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бйнебаян сюжетін құпия сақтауды жөн санаған екен әнші түсірілімдер жақын арада басталуы тиіс дейді.

"Құдай қаласа, шет мемлекетке, Түркияға сапарға шығамын. Сонда өз өнерімді көрсетемін, паш етемін деген ойым бар. Әнші Құрмаш Маханов ағамыздың «Аңсарым» атты әнін түрікшеге аударып, орындап шығамын, және түрікше бейнебаян түсірмекшімін. Бейнебаянның сюжеті дайын, оны айтуға болмайды. Құпия", – дейді әнші өзінің сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710214-kajrat-nrtas-tagy-bir-ty-zaalygymen-eldi-kuantpaksy.html