RU

Астанада әмиян ұрлаған сары шашты қыз камераға түсіп қалды (видео)

Полиция Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде құжат пен ақша салынған әмиянды ұрлаған қызға іздеу салды. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 26 желтоқсан күні сағат 16.30 шамасында болған.

Тәртіп сақшыларына шағымданған әйелдің айтуынша, балалар арбасындағы сөмкесінен құжат және ақша салынған әмиянын ұрлатып алған.

"Бойжеткеннің қылмыс жасаған сәті видеоға түсіп қалған. Қылмысты жасады деген күдікпен 23-25 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Ол орта денелі, сары шашты, бойы 160-165 см. Аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді", — делінген елордалық ІІД хабарламасында.

Сонымен қатар полиция тұрғындардан бейнежазбадағы қыздың кім екенін анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

"Егер кімде-кім бұл қызды танитын болса, "Есіл" ауданы ІІБ-ге 71-64-90,+7 707 914 15-28, +7 707 790 26 06, +7 701 311 12 27 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз", - дейді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710219-astanada-mian-rlagan-sary-sasty-kyz-kameraga-tsip-kaldy-video.html