Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ригада қаза тапқан Асылбек Мусиннің жұбайы да жоғары қабаттан секіріп кеткен (видео)

Опубликовано:

Ригада орын алған қайғылы оқиғаның себептері ашыла бастады. 15-қабаттағы Асылбек құлаған терезеден осыдан төрт ай бұрын оның жары да секіріп кеткен екен. Бұл туралы LSM арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Марқұм Асыбектің жары 22 тамыз күні өзіне қол жұмсап қайтыс болыпты. Саясаткер Талғат Қалиевтың айтуынша, әйел ішіндегі баласын түсіріп алғаннан кейін қатты күйзеліске түседі. Жүйкесі сыр берген келіншек өмірімен қош айтысуға бел буып үйінің терезесінен секірген.

Ал Асылбек әйелін қорғай алмағаны үшін өзін кінәлі санап, қайғыдан қан жұтқан. Жарының қазасына көндіге алмай, төрт айдан соң өзі де сол терезеден құлаған болуы мүмкін.

"Ол біреудің жолына кедергі болатындай саясат адамы емес еді", - дейді Талғат Қалиев.

Алайда Асылбектің өзіне құл жұмсаған сәтін көрген тірі жан жоқ. Тек ол құлап мерт болғаннан кейін өлі денесін аула тазалаушысы таныпты.

Нақтыланбаған деректер бойынша марқұмның артында үш баласы қалған.

Айта кетейік, 23 желтоқсанға қараған түні Ригада Президент әкімшілігің бұрынғы жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин қайтыс болған еді.

Оның өлімнің себептері тексерілуде. Ал әзірге өзіне қол жұмсады деген күдік басым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1710227-bak-rigada-kaza-tapkan-asylbek-musinni-zbajy-da-zogary-kabattan-sekirip-ketken-video/

pixel