RU

Қарт әке-шешесін тастап кеткендер енді үш жылға дейін сотталады

Тәжікстанда жұмыс істеуге қауқарсыз әке-шешесін қараусыз қалдырып, тағдыр тәлкегіне тастап кеткендер үш жылға дейін сотталады деп хабарлайды Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Желтоқсанның 21-і күні Тәжікстан мәжілісі қылмыстық кодекске өзгеріс енгізіп, қарт әке-шешесіне қараудан бас тартқан азаматтарға жазаны күшейтті.

Жаңа заңға сай әке-шешесін тастап кеткендер түрмеге қамалады.

Бұған дейінгі заңда «120-180 сағат немесе екі жылға дейін түзеу жұмыстары не екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы» қарастырылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710265-kart-ke-sesesin-tastap-ketkender-endi-s-zylga-dejin-sottalady.html