RU

Ұлттық арнада Жаңа жыл

Жаңажылдық эфир қызыққа толы жобалармен толықтырылмақ. 31 желтоқсан сағат 22.30-да танымал шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен жаңа жылдық сиқырға толы «Сыңғырлаған сиқырлар» мерекелік шоу-бағдарламасы эфирге жол тартады.

Аталмыш жобаға: Кәмшат Жолдыбаева, Айгүл Иманбаева, Бүркіт, Әли Оқапов, Айқын Төлепбергенов, Кеш You, Қанат Үмбетов, Әлия Әбікен, Төреғали Төреәлі, Олжас Абай, Р және «Qazaqstan» арнасының танымал жүргізушілері Жансерік Бейсеев, Айсұлу Рыспанова, Ирина Тен, Баян Бақкелдіқызы, Нартай Аралбайұлы қатысады.

Сол күні, сағат 14.10-да кезінде қазақ телевизиясының ең танымал ойын-сауық бағдарламасы болған «Тамаша» әзіл театрының 90-шы жылдары түсірілген үздік топтамаларының арнайы шығарылымы көрсетіледі.

Ал сағат 19:00-де басталатын «Әзіл әлемі» ойын-сауық бағдарламасы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ. Сондай-ақ, 31 желтоқсан күні, сағат 17.55-те еліміздің танымал вайнерлері, видеоблогерлері мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтетін арнайы «ХА-ХА шоу: Жаңа Жыл 2018» жобасы көрерменге жол тартады.

Сондай-ақ, сенбі күні, 30 желтоқсанда, сағат 20.00-де, бірнеше ай бойы көрермендерге кәсіпкерліктің қыр-сырын ашып, бизнестің оңтайлы жолын көрсеткен «Үміткер» реалити-шоуының ақтық шығарылымы өтеді. 5 миллион теңге көлеміндегі сый кімге бұйыратынына Ұлттық арна көрермендері куә болады.

Ал, ең кішкентай телекөрермендеріміз әйгілі «Walt Disney» кинокомпаниясының қазақ тілінде дубляждалған «Мұзды өлке» және «Рапунцель» мультфильмдерін тамашалай алады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710288-lttyk-arnada-zaa-zyl.html