RU

Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз ғашық ару оның суретін төсіне салдырып алды (фото)

Әлеуметтік желіде төсіне Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін тату ретінде салдырып алған бойжеткеннің суреті тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Суретті Instagram желісінің imashev.tattoo атты парақшасы жария еткен.

"Нағыз махаббат. Алғаш көргенде өз көзіме сенбедім. Барып тексеріп, аң-таң болдым", - деп жазған суретке қатысты Facebook парақшасында Ayan Sharipbayev есімді қолданушы.

Сол арада желі қолданушылары бұл жайтты қызу талқыға алды.

"Мен, әрине бәрін түсінемін. Бірақ мына жайтты түсіне алар емеспін", "Бұл қыздың жігіті аң-таң болатын шығар", "Керемет идея және туынды", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710323-nrsltan-nazarbaevka-seksiz-gasyk-aru-ony-suretin-tsine-saldyryp-aldy-foto.html