Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең сұлу егіз қыздар жұртты тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Жеті жасар Лос-Анджелес тұрғындары Лиа Роуз бен Ава Мари - әлемдегі ең әдемі егіз қыздар. Олар ерекше тартымдылығының арқасында модельдік бизнесті бастап, жұртты таңғалдырып жүр. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Біржұмыртқалы егіздердің анасы осы жылдың шілде айында қыздарына арнап Instagrаm желісінен парақша ашады. Соның арқасында олардың өмірі түбегейлі өзгереді деп ойламаған екен. Алайда балақайлардың талдырмаш сұлулығын бірден байқаған сән саласының мамандары жақсы ұсыныстар жасай бастапты.

"Бұл жылы қыздарым қатты өзгерді. Тіпті олардың мінездері де қазір басқаша. Үнемі өздеріне қарап, адамдардың назарында жүргісі келеді. Мен нумерологияға сенемін. Себебі «жеті» саны олар үшін көп сәттілік алып келді. Мәселен егіздерімнің 7.07.2017 күні жеті жасқа толғаны да жай сәйкестік емес деп ойлаймын», - дейді анасы Джеки.

Сұлу егіздерді бүгінде Instagrаm жұлдызы деуге болады. Оларға 140 мыңнан астам адам жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1710342-lemdegi-e-slu-egiz-kyzdar-zrtty-tnti-etti-foto/

pixel