RU

Астролог: Ит жылы басы бос жандар отбасын құрады

Астрологтардың айтуынша, ит жылы басына бас қосып, шаңырақ құрамын деушілерге өте жайлы жыл болғалы тұр екен деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Отбасы – келер жылдың басты символы. Сондықтан ит жылында басы бос қыз-жігіттердің көбі өз жұптарын тауып, жанұя құрады. Ал көптен бері бала күтіп жүргендер сәбилі болады", - дейді астролог Оксана Дарьина.

Иттің етті өте қатты жақсы көретіндігі белгілі. Сондықтан мамандар жаңа жылда дастарханға етті тағамдарды молынан қоюға кеңес береді. Ал киім таңдауда сары, қара және қоңыр түстерге басымдық берілуі керек дейді олар.

Ал сән әлемінде жыртық джинсыдан жасалған киімдер біртіндеп қолданыстан шығады екен.

"Қазақтардың барқыт матадан жасалған киімді бұрыннан ерекше жақсы көретіні белгілі. Міне, дәл осы бағыт қазір сән әлемін жаулай бастады. Ал алым-жұрым джинсыдан жасалған киімдер біртіндеп қолданыстан шығып қалады", - дейді дизайнер Аида Қауменова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710400-astrolog-it-zyly-basy-bos-zandar-otbasyn-krady.html