Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айбек Қалиев "Айтыстың ақтаңгері" атанып, 5 млн теңгені қанжығасына байлады

Опубликовано:

Алматыда өткен жылдың қорытынды айтысында танымал айтыскер Айбек Қалиев бас жүлдені жеңіп алды деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айта кетейік, айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының ұйымдастыруымен екі күнге жалғасқан додаға Асанәлі Әшімов, Нұртөре Жүсіп, Серік Қалиев, Бауыржан Қалиолла, Дәулеткерей Кәпұлы қазылық еткен.

Айтыстың бас жүлдесін жеңіп алған Айбек Қалиевке 5 млн теңгемен "Айтыс ақтаңгері" деген атағы берілді.

Ал бірінші орын - Жансай Мусинаға бұйырса (1 млн теңге), екінші орынды Еркебұлан Қайназар мен Мейірбек Сұлтанхан (500 мыңнан) бөліскен.

Үшінші орынға үш адам ие болды. Олар: Ершат Қайболдин, Тілеген Əділов, Халижан Білдəш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710410-ajbek-kaliev-ajtysty-aktageri-atanyp-5-mln-tegeni-kanzygasyna-bajlady/

pixel