RU

Жігіттер білуі тиіс 10 нәрсе қандай?

Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрып пен салт-дәстүр ата дәстүр түрінде атадан балаға, әкеден немереге беріліп, бүгінгі күнге де жетті. Ықылым заманнан келе жатқан ата-бабамыздың қыз бен жігітке арналған өз дәстүрі мен ұстанымы бар. Бүгін NUR.KZ порталы оқырман назарына Islam.kz сайтына сілтеме жасай отырып жігіттері білуі тиіс 10 нәрсені ұсынамыз.

Жігіттер білуі тиіс 10 нәрсе. Көрнекі фото: Интернет желісінен
Жігіттер білуі тиіс 10 нәрсе. Көрнекі фото: Интернет желісінен: UGC

1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді.

2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа.

3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына Исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл.

4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ерім, балаларымның әкесі, болашағым деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды.

5. Оны қадір тұт. Бар жақсы сөзіңді арна. Жұрттың, балаларыңның көзінше құшақтап, сүйме. Өзіңнің де, оның да қадірін қашырасың. Оның барлығы оңашада қылар іс. Ал басқа уақытта көз қарасың мен оған жасар жақсы ісің де жетіп жатыр.

6. Оның жасар ісіне араласпа. Ақылды әйел сен араласпай-ақ қажет ақылын өзі келіп сұрап алады.

7. Оны қызған. Тек жөнімен болғаны дұрыс. Ал шамадан артық қызғану ұрыс-керіске себепші.

8. Қанша ұрыс-керіс болса да өз араларыңда болсын. Сыртқа шығарушы болма. Ұрыс-керісте я сен жеңіл, я ол жеңілсін. Ал қателік пен дұрыс-бұрысын ашуларың басылған соң талқылаған жөн.

9. Оны ешқашан алдама. Кез-келген жағдайда тек шындықты айт. Оның өзіңе деген сенімін жоғалтып алма. Сезімнің іргетасы сенімнен қаланатынын ұмытпа.

10. Не нәрсеге де сабыр қыл. Барды қанағат тұт. Әйеліңнен де осыны талап ет. Сол кезде ғана өмірдің барлық тосын жайларына қарсы тұра аласыңдар…

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710440-zigitter-bilui-tiis-10-nrse-kandaj.html