RU

Қайтыс болған шенеунік Нұрлан Қаппаровтың әйелі көпшілік алдына шықты (фото)

Алматыда элиталық орта өкілдері кезекті рет бас қосып, Трумен Капотенің ақ-қара түсті киімдермен келетін балын өткізді. Бұл кешке келген танымал қыз-келіншектер арасында Гаухар Қаппарова да бар деп хабарлайды buro247.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Гаухар Қаппарова. Фото: buro247.kz
Гаухар Қаппарова. Фото: buro247.kz: UGC

Гаухар Қаппарова - осыдан екі жыл бұрын қаза тапқан "Қазатомпром" басшысы Нұрлан Қаппаровтың әйелі. Гаухар күйеуінің қазасынан соң көптеген ортада бой көрсетпеген болатын.

Трумен Капотенің ақ-қара түсті балы 1966 жылдан бері өткізіліп келеді. Тек қана ақ және қара түсті киім кию міндеттелетін бал Қазақстанда бірінші рет өткізіліп, кешті Сәкен Жақсыбаев ұйымдастырды.

Еске салсақ, 2015 жылдың 26 наурызында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Қаппаров Бейжіңде қайтыс болады.

Бейжіңде ол еліміздің ресми делегациясы қатарында болған. Қаппаров - әр жылдары үкіметте және билік айналасында түрлі лауазымдарды атқарған белгілі саясаткер.

«Қазатомпром» басшылығына ол 2014 жылдың тамызында тағайындалған, 2012 жылдан бері Қоршаған орта және су ресурстары министрі болды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710513-kajtys-bolgan-seneunik-nrlan-kapparovty-jeli-kpsilik-aldyna-sykty-foto.html