Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тезірек жүкті болғысы келетін әйелдер қуырылған картоп жеуге кіріскен

Опубликовано:

Аналарға арналған ChannelMum атты британиялық сайт әйелдер арасында сауалнама жүргізіп, олардың тезірек жүкті болу үшін қандай әрекетке баратынын анықтады. Сұралғандардың үш пайызы интимдік қатынастан кейін қуырылған картоп жесе, 58 пайызы аяғын көтеріп, ауада велосипед тебетін болып шықты деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Қуырылған картоп жеп бала көтергісі келетіндер оның құрамындағы көп мөлшердегі тұздың жүктілікке септігі мол деп санайды. Алайда ғылыми дәлелденбеген ырымшылдық шын мәнінде көмектеседі деп айту қиын. Мамандар бұл тұжырымдаманы "біреудің жазған өтірігі" деп бағалап, әр нәрсеге сене беру сауатсыздықтың белгісі дегенді айтады.

Осы орайда өте сауатты әйелдердің де ұстанатын өз нанымдары бар. Мәселен сауалнамаға жауап бергендердің 58 пайызы интимдік қатынастан кейін кем дегенде үш минут аяғын көтеріп, ауада велосипед тебеді. 37 пайызы қара шоколад жесе, тағы біразы ананас шырынын ішеді екен. Бірақ бұл әрекеттердің ешқайсы да жүктілікке себеп болады деген нақты дәлел жоқ.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1710532-tezirek-zkti-bolgysy-keletin-jelder-kuyrylgan-kartop-zeuge-kirisken/

pixel