RU
Қазақстанда өткен жылы азық-түлік бағасы шарықтап кеткен
Жаңалықтар Экономика және бизнес

Қазақстанда өткен жылы азық-түлік бағасы шарықтап кеткен

Рассказать Вконтакте

Азық-түліктің бағасы 2017 жылдың желтоқсанында 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,5 пайызға жоғарылады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан өткен жылды азық-түліктің қымбаттауымен аяқтады. Фото: Kerek-info.kz

Қазақстан өткен жылды азық-түліктің қымбаттауымен аяқтады. Фото: Kerek-info.kz

2017 жылдың соңғы айында қант пен жарманың ғана құны арзандаған. Ал қалған азық-түліктердің бағалары біршама өсіпті.

Сүт өнімдері – 9,3%, балық және теңіз өнімдері – 8,6%, кондитерлік өнімдер – 10,7%, алкогольді ішімдіктер – 10,3%, жемістер мен көкөністер – 8,4%, тоқаш және ұн өнімдері – 7,4%, кофе, шай және какао – 6,2%, нан – 2,8%, макарон өнімдері – 2,1%, ұн – 1,8 пайзға қымбаттай түсті.

Қазақстан өткен жылды азық-түліктің қымбаттауымен аяқтады

Қазақстан өткен жылды азық-түліктің қымбаттауымен аяқтады

Жыл соңында ет өнімдерінің бағасы да айтарлықтай жоғарылағаны байқалады. Сиыр еті – 15,3%, шошқа еті – 9,3%, шұжық өнімдері – 7,3%, қой еті – 14,1%, жылқы еті – 9,8%, құс еті – 5,8%-ға қымбаттады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
5
2
1
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel