Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада 51 жастағы азаматты жақындары жанұшырып іздеп жүр

Опубликовано:

25-желтоқсан күні үйінен шығып қайта орлмаған Қыдыралин Дулатты жақындары іздестіруде.

Қыдыралин Дулат
Қыдыралин Дулат: UGC

Кыдыралин Дулат 08.11.1966 жылы туылған. Ол Астана қаласында «Седьмой континент» тұрғын-үй кешеніндегі пәтерінен 25-желтоқсан күні сағат 19:20-да шығып, Кенесары көшесіндегі «Елімай» кафесінде отырған. Одан кейін қайда кеткені туралы еш хабар жоқ.

Басты белгілері: Бойы 178 сантиметр, көзі – қоңыр, шашы - қара, орта денелі қараторы азамат. Оң жақ бетінде мұрнының жанында қара түсті қалы бар.

Басында қара түсті кепке, қара шарф пен қара күртеше, қою көк түсті джинсы және қара түсті аяқ киім киіп кеткен.

Қыдыралин Дулатты көрген-білгендер болса немесе қандай да бір мәлімет білсе, 102; +7 701 111 20 65; +7 705 564 70 26; +7 777 271 25 27 нөмірлеріне хабарласуын өтінеміз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1710578-astanada-51-zastagy-azamatty-zakyndary-zansyryp-izdep-zr/

pixel