Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізге белгілі тұлғалар Айгерім Қалаубаеваның жаңа әнін сынап тастады

Опубликовано:

Елімізге танымал тұлғалар Айгерім Қалаубаеваның жуырда ғана шыққан "Әкеме айтшы, мама" әнінің мәтінін сынға алды. Олар әншіге деген сындарын желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Елімізге белгілі тұлғалар Айгерім Қалаубаеваның жаңа әнін сынап тастады.Скриншот: Facebook
Елімізге белгілі тұлғалар Айгерім Қалаубаеваның жаңа әнін сынап тастады.Скриншот: Facebook: UGC

"Əкеме айтшы мама,

Жіберсін вечерге!

Жас емеспін мен енді,

Қорқады несіне? Өлтірдің, Айгерім Қалаубаева! Енді осынау "ғасыр" əнінің "ғажайып" мəтінін кім жазды екен?!",- деп жазды Арман Сқабылұлы.

Желі қолданушыларының пікірі. Скришнот: Facebook
Желі қолданушыларының пікірі. Скришнот: Facebook: UGC

Жазба астына белгілі саясаткер Айдос Сарым да өз пікірін астарлы әзілмен жеткізді.

"Хит қой мынау. Мемсыйлық еңіреп жылап жатыр еңкілдеп",-деп жазды ол. Басқа да желі қолданушылары әншілердің арзан әнге жүгіріп, талғамдарының түсіп кеткенін айтты.

Елімізге белгілі тұлғалар Айгерім Қалаубаеваның жаңа әнін сынап тастады.Скриншот: Facebook
Елімізге белгілі тұлғалар Айгерім Қалаубаеваның жаңа әнін сынап тастады.Скриншот: Facebook: UGC

Сатирик Мұхтар Шерім мұндай өлеңді бесінші сыныпта оқитын ұлының да айтуға ұялатынын айтты.

"Ойпырмай, Әнші Айгерім Қалаубаеваның "Әкем бешірге жібермей қойды, енді мен жас емеспін..." мәтіндегі әпенде әнін тыңдап отырып, ішек–сілем қата күлдім. Мұндай өлеңді менің бесінші сыныпта оқитын балам да айтуға арланады. Ойпырмай–ә, осындай да ән болады екен–ау?"Енді "Енем мені жібермей қойды!" деген сықпыттағы сықсима ән орындаса қатып кетер еді!",-деп жазды ол.

Айта кетейік, әннің сөзін Қайрат Нұртас және эстрадамыздағы талай әншіге ән мәтінін жазып жүрген ақын-Құрманай Бақтиярқызы жазса, әнін танымал сазгер Арман Бексұлтан жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710593-elimizge-belgili-tlgalar-ajgerim-kalaubaevany-zaa-nin-synap-tastady/

pixel