RU

Мың бұрала билеген Жазира Байырбекова желі қолданушыларын сүйсінтті(видео)

Сәкен Майғазиевтің туған күнінде әріптестерімен бірге бидің түбін түсірген Жазира Байырбекова желі қолданушыларын сүйсінтті.

Видеода"Музарт" тобының бұрынғы әншісі Мақсат Базарбаев, актриса Айгүл Иманбаева, туған күн иесі Сәкен Майғазиев пен Жазира Байырбекова, Жанболат Ербатыров билеуде.

Жазираның биін көрген тыңдармандар әншінің ширақ қимылына сүйсініп, әнді ғана әдемі айтпай, биді де шебер билейтінін жазды.

"Күшті билейді екенсіз!", "Биді жарып жатырсыздар ғой, жарасып тұр!", "Нәзік жанды екеніңізді биіңізден -ақ байқауға болады", "Өте жарасымды би",- деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710606-my-brala-bilegen-zazira-bajyrbekova-zeli-koldanusylaryn-sjsinttivideo.html