RU

Шымкентте серуендеп жүрген қызды буындырмақшы болған жігіт жаға ұстатты

Шымкентте ішімдікке тойып алған жас жігіт саябақта серуендеп жүрген бойжеткенді буындырып, көпшіліктің көзінше сөмкесін тартып алған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото:tayniymir.com
Көрнекі фото:tayniymir.com: UGC

Көпшіліктің көзінше бейтаныс ер адамнан зардап шеккен қызға, саябаққа келушілердің бірі де көмектеспеген.

Анықталғандай, күдікті сол күні мас күйінде саябақта жәбірленушіні көріп күш қолданып, сөмкесін тартып алған. Ал сөмкеде жиырма мың теңге болған.

Алайда арам ойын іске асыра алмаған жігітті полицейлер ұзаққа бармай ұстап алды. Бойжеткенге көпшіліктің көзінше күш көрсетіп, тонамақ болған азамат қазір қамауда.

"Келтірілген шығын көлемі шамамен 20 мың теңгедей болып отыр. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ұсталған күдіктінің Ақтөбе облысындағы қылмыстық іске қатысы барын анықтады. Күдікті қамауда. Айғақты заттар тәркіленді. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 191 бабы бойынша іс қозғалды", - деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Осылайша, жиырма мың теңге үшін қарақшылыққа барған жас жігіт қазір абақтыда отыр. Егер кінәсі толық дәлелденсе, ұзақ жылдар бойы түрмеге қамалмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710609-symkentte-seruendep-zrgen-kyzdy-buyndyrmaksy-bolgan-zigit-zaga-statty.html