RU

Келіншек көзіне шөп салған күйеуін сегіз рет өлтірмек болған

49 жастағы Нью-Йорк тұрғыны Роберт Миллвезерді "қатты сүйетін" әйелі оны сегіз рет өлтірмек болған. Аалайда азаматты үнемі періштесі қағып, аман қалып келген деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Роберт Миллвезер - сауда маклері болып жұмыс істейді. Әйелі оны басқа біреумен кездесіп жүр деген оймен бірнеше рет өлтірмек болады. Тіпті жоспар ойластырып, киллерді де жалдаған.

Қызғаныштан көздерін шел басқан әйел бірінші рет құрған жоспары бойынша күйеуін у беріп өлтірмек болады. Ал Роберт оны бір рет қана жұтып, қайта түкіріп тастаған.

Екінші рет ол арнайы адам өлтірушіні жалдайды. Жоспар бойынша киллер көпір үстінде жол апатын ұйымдастырып, күйеуі көлігімен аударылып кетуі керек болатын. Бірақ қайғылы оқиғада жалдамалы жүргізушінің өзі қазаға ұшырап, Робертке зақым келмеген.

Үшінші рет әйел электр ұстараны тоққа жалғап, ваннаға әдейі тастап жібереді. Бұл жолы да отағасына түк етпейді.

Төртінші рет ашуға мінген әйел тағы да адам жалдап, күйеуін өлтірмек болады. Ол кезде киллердің шүріппесі сынып қалыпты.

Осыдан кейін Сара күйеуін есірткімен арбап, оны тұншықтырып тастағысы келген. Алайда Роберт одан да аман шықты.

Бір қызығы, келіншегі қанша кесірін тигізсе де Роберт одан ажырағысы келмейді екен.

"Мен оны қатты жақсы көремін. Онсыз өмірімнің мәні жоқ. Оның агрессия танытып жататын кездері болады. Бұл - әдеттегі әйелдердің ашушаңдықғы деп санаймын. Ешнәрсеге қарамастан ол мені шын сүйетінін білемін. Сара мені өлтіргісі келді дейсіз бе? Жо-оқ, күлкімді келтірмеңіз", - дейді Роберт.

Сонымен алтыншы рет күйеуінің көзін жоймақ болған Сара көлікке отырып Робертті қағып кетпек болады. Ал сүйіктісі соңғы секундта қашып үлгерген.

"Мен күйеуімді өлтіргім келмейді. Тек жақсылап қорқытып алсам оған өмірлік сабақ болатын шығар деп ойлаймынә, - дейді Сара.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710633-kelinsek-kzine-sp-salgan-kjeuin-segiz-ret-ltirmek-bolgan.html