RU

Әйелін қатты қызғанған шымкенттік тұрғын оны қинап өлтірген

ОҚО Сайрамда күйеуі қызғаныштан әйелін соққыға жығып, өлтіріп алған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Сайрамда әйелін қатты қызғанған күйеуі оны соққыға жығып, оны өлтіріп қойған. Әйелін өлтірген ол оның мәйітін ауылдың шетіне жасырып қойған.

Ауылдың шетінен мәйітті тауып алған тұрғындар жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер азаматшаны тексере келе, зорлық-зомбылықтың белгілерін анықтап, полиция қызметкерлерін шақырған. Тексеру барысында марқұм Өзбекстан елінен келген 36 жастағы азаматша екені анықталған. Күдікті деп танылған 45 жастағы ер азаматты полицейлер қанды оқиға болған күні ұстады.

Әйелін қинап өлтірген отағасы қылмысын мойындаған. Тергеу барысында кісі өлімінің себебі ер азаматтың азаматтық некедегі әйеліне деген қызғанышы себеп болғаны анықталған.

"Тәртіп сақшылары аудандағы елді мекендердің бірінен 1981 ж.т. зорлық-зомбылық белгілері бар мәйітті анықтады. Сайрам АІІБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында 1972 ж.т. күдіктіні ұстады. Тергеу барысында анықталғаны кісі өлімінің себебі ер азаматтың азаматтық некедегі әйеліне деген қызғаныш салдарынан орын алған, нәтижесінде ол жәбірленушіні өлімші етіп ұрып-соққан"-дейді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Өмірлік серігінің қолынан қаза тапқан азаматша Өзбекстан елінен Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген екен. Келіншек осыдан бірнеше жыл бұрын өзінен тоғыз жас үлкен азаматпен танысып, тұрмысқа шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710661-jelin-katty-kyzgangan-symkenttik-trgyn-ony-kinap-ltirgen.html