Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанды 2018 жылы қандай маңызды оқиғалар күтіп тұр?

Опубликовано:

Ит жылы әлем халқын қандай маңызды оқиғалар күтіп тұр? Sputnik Қазақстан әлем және Қазақстан үшін маңызды оқиғаларды назарларыңызға ұсынады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Atameken Business Channel
Көрнекі фото: Atameken Business Channel: UGC

Әлемдік саясат

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуін бастады. Кеңестің тұрақты емес мүшелері бұл қызметке кезекпен кіріседі. Төрағалықтың негізгі мәселесі Орталқ Азия мен Ауғанстан бойынша ҚК құжатын (қарарлар, төрағаның мәлімдемесі) қабылдау болмақ.

Президент сайлауы

Биыл 18 наурызда Ресейде сондай-ақ Финляндия мен Грузияда да президент сайлауы өтеді. Айта кетсек, биыл Грузияда мемлекет басшысы соңғы рет жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланады. 2024 жылдан бастап президентті 300 өкілден құралған сайлаушылар алқасы сайлайды.

Астананың мерейтойы

Биыл елорданың еліміздің астанасы болғанына 20 жыл толады. Мерекені ұйымдастыру үшін арнайы комиссия құрылған. Оған президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жетекшілік етеді.

Тұжырымдамаға сәйкес, мерейтой үш кезең бойынша аталып өтілмек.

Спорт

Спорт жарыстары әр жыл сайын үзілмейтін дәстүрлі шара десек те болады. Биыл, әсіресе, екі дүбірлі дода ел назарына ілініп отыр: Қысқы Олимпиада ойындары мен футболдан Әлем чемпионаты.

Қысқы Олимпиада 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтеді. Ал футболдан әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласында 12 стадионда өтеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар, биыл жазғы Азия ойындары да жалауын желбіретеді. Байрақты бәсеке Индонезия астанасы Джакарта мен Палембанг қаласында өтпек.

Мәдениет

Мәдениет саласының басты оқиғасы – халықаралық "Еуровидение" байқауы. Конкурс 8-12 мамыр аралығында Португалия астанасы Лиссабонда өтеді.

Алайда қазақстандықтар үшін биыл "Балалар Еуровидениесі" қызықты болмақ. Себебі музыка байқауында алғаш рет кішкентай отандасымыз Данэлия Төлешова бақ сынайды.

Украиналық "Балалар дауысы" шоуының жеңімпазы Тбилисиге барады. Конкурстың финалы 26 қарашаға жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1710676-kazakstandy-2018-zyly-kandaj-mayzdy-okigalar-ktip-tr/

pixel