Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекболат Тілеухан өзінің 11 баласы бар екенін ашық айтты (видео)

Опубликовано:

Қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан өзінің 11 баласы бар екенін алғаш рет айтты. Ел арасында таралып кеткен видеода ол балаға дұрыс тәрбие беру хақында әңгімелеп берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бекболат Тілеухан өзінің 11 баласы бар екенін ашық айтты (видео)
Бекболат Тілеухан өзінің 11 баласы бар екенін ашық айтты (видео): UGC
"Қазір заман қиын негізі, бұрынғыдан гөрі әлдеқайда күрделі. Бұрынғы қоғамдық қарым-қатынас өзгеріп кетті. Көп нәрсе өзі технологиялық дамулардың нәтижесінде біраз нәрсеге қол жеткізгенімен, біраз нәрседен айырылып қалдық. Ең бірі қиын нәрсе бар, елдің бәрі қазір отала қашқандай жүгіріп жүргенде, оттың басында отырып әкесі бар, баласы отырып тамақ ішетін жағдайлардың өзі қиын болып кетті.
Кішкентай кезімізде әкеміз келетін, бәріміз отырып тамақ ішетінбіз. Әкей келетін, кенжесін шақырып алып тәтті жерінен турап беретін. Аста-төк тамақ жоқ. Алайда сол тамақтың аз болуының өзінде береке бар, Оның барлығы қазір кетті. Менде өзі, Аллаға шүкір 11 бала бар. Кішкентайлары мүлдем кішкентай, үлкендері өсіп кетті.
Бісміллә. Әке ретінде бұрнынғыларына ептеп талап қоятынмын, қартайып жатырмын ба, кейінгілеріне тым жұмсақ болып бара жатқандай көрінемін. Бірақ негізі аса жұмсақ болмаған жақсы. Өйткені әкеміз бізге жұмсақ болған жоқ, одан жаман болған жоқпын", - деген ол бала тәрбиелеудің күрделілігін атап өтті.

Ал жиынға келгендер оған құрмет көрсетіп, қошеметтерін аямады.

Еске салсақ, биыл күзде Бекболат Тілеуханның тағы бір перзенті дүниеге келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710677-bekbolat-tileuhan-zini-11-balasy-bar-ekenin-asyk-ajtty-video/

pixel