RU

Айжан Байзақова өзін зорлап, соққыға жыққаны туралы шындықты айтты

Атышулы Айжан Байзакова өзінің соққыға жығылып, зорланғаны туралы ақпараттың барлығын жоққа шығарды деп хабарлайды Today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айжан Байзақова өзін зорлап, соққыға жыққаны туралы шындықты айтты
Айжан Байзақова өзін зорлап, соққыға жыққаны туралы шындықты айтты: UGC

Әкімшілік жауапкершілікке тартылып, арнайы қамау орнында үш күн отырған Айжан өз оқырмандарына видео жолдап, жағдайы жақсы екенін айтты.

"Мені соққыға жығыпты, зорлапты деген қауесеттерді жоққа шығарғым келеді. Жоқ. Маған ешкім қолының ұшын да тигізген жоқ. Ешкім зорлап, ұрып-соққан жоқ", - деді ол.

Сондай-ақ, ол өзінің салмақ тастап, арықтап кетуінің де себебін түсіндірді.

"Көп ойландым. Ойым жегідей жеп қойды. Сондықтан қазір мен ел сынайтындай арықтап кеттім", - деген бойжеткен жуырда қалпына келетініне сенімді екенін жеткізді.

Еске салсақ, өткен жылдың соңында атышулы Байзақова үш күнге қамауға алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710685-ajzan-bajzakova-zin-zorlap-sokkyga-zykkany-turaly-syndykty-ajtty.html