Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Сатыбалды: Айжан Байзақованың кім екенін білген жоқпын

Опубликовано:

Танымал қазақ актері Азамат Сатыбалды күзде ғана ел назарына ұсынған "Бір сен үшін" деп аталатын фильміне түскен Айжан Байзақованы неліктен актриса ретінде таңдағанын айтты. Оның айтуынша, фильмді түсіру кезінде ол Байзақованың кім екенін білмеген.

Байзақованы өз фильміне түсірген қазақ актері атышулы бойжеткенге қатысты өз ойын айтты
Кадр "Бір сен үшін" фильмінен алынды: UGC

Бұл туралы Азаматтың Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Қадірлі Айжан Байзақованың төңірегіндегі дауда менің де атым аталып, біраз сұрақтар келіп жатыр. Берер жауабым мынау:

"Біз, “Бір сен үшін” деген фильмді екі жыл бұрын түсірдік. Ол кезде Байзақованың кім екенін ешкім білмейтін. Білмейтіндердің ішінде менде бармын. Бұл Айжанның үлкен кинодағы алғашқы рөлі, сериалдарды санамағанда....
Ол киноға кезекті кастинг арқылы өтті. Шыны керек кастингке қатысқан барлық актрисалардан оқ бойы алда тұрды. Сценаридегі Индираның образын толық жеткізе білді. Осындай актриса тапқанымызға қуанғанымызда өтірік емес. Сенбесеңіздер киноны қайта көріп шығыңыздар. Өз ролін өте жоғары деңгейде алып шыққан", - деді ол.

Сонымен бірге, Азамат Сатыбалды Айжанның экраннын тыс өміріне ешқандай пікір айтпайтынын да жеткізді.

"Оның жеке өмірінде еш шаруам жоқ. Әркім өз өміріне өзі жауапты.
Оны әке-шешесі немесе бауырлары тәрбиелеу керек. Құр айқайдан не пайда, адам өзі түсінбесе. Күрсінесің де қоясың.
Мен ер азамат ретінде, клубта жасалған әрекетті құптамаймын.
Құдай сақтасын...", - деп ойын екіұшты аяқтады актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710717-azamat-satybaldy-ajzan-bajzakovany-kim-ekenin-bilgen-zokpyn/

pixel