RU

Тікелей эфирде оққа ұшқан қыз желіні шулатты (видео)

27 жастағы Чикаго тұрғыны көшеде кездесіп қалған танысымен ұрысып қалып, әлгі "құрбысы" оны тапаншамен атып тастады. Жәбірленуші Facebook парақшасында тікелей эфирді қосып қойып, оқиға желісін түсіріп тұрған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: UGC

Тікелей эфирде түсірген видеода қара нәсілді жас қыз желідегі достарымен сәлемдесіп, күліп-ойнап тамаша көңіл-күймен серуенге шығады. Аздаған уақыт өткен соң жолда өзінің бұрынғы танысын кезіктіріп қалған. Кенет олар ерегісіп қалып, әлгі әйел видео кейіпкерін тапаншамен атып жіберді.

Алайда жәбірленуші телефонындағы түсірілімін үзбей, өзін жаралап кеткенін айтып көмекке шақырған. Әрмен қарай видео айқай-шуға ұласады.

Чикаго полициясы видодағы оқиғаны тексеріп жатыр. Ал жараланған қыз ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710731-tikelej-efirde-okka-skan-kyz-zelini-sulatty-video.html