Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбысының бетіне қышқыл шашу үшін хиджаб киген бойжеткен жұрттың жағасын ұстатты

Опубликовано:

25 жастағы Лондон тұрғынының бетіне ең жақын құрбысы күкірт қышқылын шашып күйдірді. Қызғаныштан қылмыс жасаған қыз өзін жасыру үшін хиджаб киіп алған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Наоми Они. Фото: life.ru
Наоми Они. Фото: life.ru: UGC

Наоми Они өзінің отбасы мен достарына көмектесіп жүретін кең пейілді, жарқын жүзді қыз болатын. Үнемі күліп жүретін аруды айналасындағылардың барлығы жақсы көріпті. Ол бет әрлеуші мамандығын игеріп, болашақта жақсы карьера құруды армандаған.

2012 жылы Наоми дүкенде кеңесші болып жұмыс істейді. Бірде кешкі ауысымнан шыққан соң сүйіктісімен телефон арқылы сөйлесіп үйіне келе жатқан. Жолда ол өзін біреудің аңдып келе жатқанын байқайды.

Наоми Они. Фото: life.ru
Наоми Они. Фото: life.ru: UGC

Шынында Наомиді хиджаб оранған әйел қуып жетеді. Тек көздері ғана ашық адам оған жақындап келіп бетіне сұйықтық шашқан. Алғашында ол қорқыныштан қандай сұйықтық шашқанын түсінбей қаша жөнелген.

Үйіне дейін жүгіріп жеткен қызды туыстары көріп шошып кетеді. Оның фармацевт әпкесі не болғанын бірден түсініп, дереу жедел-жәрдем мен полиция шақырады.

Наоми Они. Фото: life.ru
Наоми Они. Фото: life.ru: UGC

Наоми ұзақ уақыт ауруханада емделіп, тіпті бетіне пластикалық ота жасатады. Онымен қоза, жәбірленушінің көздері де көрмей қалыпты. Небәрі 21 жасында осынша қорлық көрген қыз өзіне мұндай қастандықты кім істегенін білмей дал болады.

Біраз уақыт өткеннен кейін тәртіп сақшылары көшеде камераға түсіп қалған видео арқылы қылмысты кім жасағанын анықтаған. Бұл жаңалық Наоми үшін желкеден пышақ сұққандай болыпты. Оны өзінің жақын құрбысы күйдірген.

Наоми Они. Фото: life.ru
Наоми Они. Фото: life.ru: UGC

Сот барысында Конье қылмысын толық мойындап, ондай қадамға қызғаныштан барғанын айтты. Осылайша ол 12 жыл абақтыға жабылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1710739-krbysyny-betine-kyskyl-sasu-sin-hidzab-kigen-bojzetken-zrtty-zagasyn-statty/

pixel