RU
"Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы жобаның бар былығын ашып берді (видео)
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

"Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы жобаның бар былығын ашып берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының Әйгерім Нұркеева есімді қатысушысы жобаның бар "былығын" елге жайып салды. Ол аталған бағдарламаны ұйымдастырушылардың қолдан жасап отырған "шоуы" деп атап, оларды сотқа бермек ниетте екенін айтты.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

"Оларға шоу керек болды, сондықтан шоу жасады", - деген ол ұйымдастырушылардың өзін пайдаланып кеткенін ашық айтты.

"Бәрінің де арты таза емес ол жақта отырғандардың", - деді ашынған Әйгерім.

"Бәріне ақша төлейді. Онда отырған адамдардың барлығы тек қана пиарщиктер. Олар бір бір мекемеге барып, тегін тамақ ішіп, сол жерді жарнамалап жүрген адамдар ғой. Оның бәрі өтірік. Талғаттың өзі бүкіл шындықты айтқысы келген.
Бірақ оны тікелей эфирге қосқан жоқ. Қаншама халық хабарласты. Бірақ оның барлығын тікелей эфирге шығармады. Себебі оларды қосса, өтіріктері шығып қалады. Ешқандай ешкім үйленбейді ол жобада. Үйленсе осы алты айдың ішінде үйленер еді ғой", - деді ол.

Әйгерімнің сөзіне сенсек, бағдарлама қатысушыларының барлығына ақша төленеді. Тіпті олардың жүріс-тұрысы мен киімдеріне дейін төленеді, дейді ол.

"Мен соңына дейін барамын, мен түбіне жетемін олардың. Мен сотқа берем "Қалаулымды". Мен бұл тікелей эфирге дайындалдым", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
66
12
15
9
6
112
15
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel