Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

45 жасында кімдер зейнетке шыға алады?

Опубликовано:

2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы бірте-бірте ұлғайтылып, он жыл ішінде ерлермен теңестіріледі. Осы орайда 45 жасында кімдер зейнетке шыға алатынын Sputnik Қазақстан тізбектеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Зейнетақыдағы өзгерістер туралы "Отырар" арнасындағы "Жаңа күн" бағдарламасында Әлеуметтік төлеуді ведомоствоаралық есептеу орталығы ОҚО филиалы директорының орынбасары Несібелі Қаражанова айтты.

Оның сөзіне сенсек, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері сегіз пайызға, қалған барлық әлеуметтік төлем алты пайызға көтерілді.

Маман 1 қаңтардан бастап 1960 жылғы әйелдер бұрынғы заңға сәйкес 58 жаста зейнеткерлікке шықса, ендігі заң бойынша 58 жас алты айда шығатынын ескертті.

"Биыл 2018 жылдан бастап әр жылда 6 айға көтеріледі де, 10 жыл ішінде ер кісілермен қатар зейнеткерлікке 63 жаста шығатын болады. 53 жаста зейнеткерлікке шығатын көп балалы аналар, 1949 және 1963 жыл аралығында Семей полигонында кемінде 5 жыл тұрған азаматтар болса, әйелдер 45 жаста, ер кісілер 50 жаста зейнеткерлікке шығады. Олардың зейнеткерлік жасы көтерілмейді", — деп толықтырды директордың орынбасары.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1710770-45-zasynda-kimder-zejnetke-syga-alady/

pixel