RU

Ғалымдар: Жиі төсек қатынасына түсу махаббатты жояды

Психологтар жиі төсек қатынасына түсу махаббаттың жойылуына әкеліп соқтыратынын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарым-қатынастар бойынша маман Скотт Кэрол мен психология докторы Сет Мейерс осындай тоқтамға келген. Олар енді ғана махаббаты маздаған жұптарға аптасына екі реттен артық кездеспеуге кеңес беруде. Оның өзінде 7-10 күн ішінде бір реттен артық жыныстық қатынасқа түспеген абзал дейді мамандар.

Психологтар тым жылдам өрбіген қарым-қатынаста ғашықтардың сезімі тезірек сөнеді деген пікірде. Сол үшін бір-бірін сағындыртып, сирек кездесу қарым-қатынасты берік ете түседі дейді олар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710796-galymdar-zii-tsek-katynasyna-tsu-mahabbatty-zoady.html