RU

Шымкентте миллиардтаған қаржыға салынған көпқабатты үйлер шетінен қирап жатыр (фото)

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған үйлер пайдалануға берілмей жатып қирап жатыр. Жаңа деген аты болмаса, көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғасына сызат түсіп, есік-терезелері қирап қалған. Тіпті мемлекет миллиардтап қаржы бөлген үйлердің ішіне орнатылған жылу құбырлары белгісіз жағдайда ұрланып кеткен.

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер шетінен қирап жатыр (фото)
Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер шетінен қирап жатыр (фото): UGC

"Нұрсат" шағын ауданындағы бұл көп қабатты үйлердің жаңа деген аты болмаса, қабырғалары шетінен қирап жатыр. Бір үйде есіктері бұзылса, енді бірінің терезелері сынып үлгерген. Тіпті, жаңа баспанадағы қабырғалардан үйдің ішіне су тамшылайды екен.

Шымкентте облыс әкімінің өзі кілтін табыстаған үйлер шетінен қирап жатыр (фото)
Шымкентте облыс әкімінің өзі кілтін табыстаған үйлер шетінен қирап жатыр (фото): UGC

"Мен ипотека арқылы үш бөлмелі үй алдым. Осы пәтер үшін енді осы айдан бастап 72 мың теңге несие төлеуім керек. Бірақ, пәтерде жылу құбыры жоқ, үйдің ішіне су тамшылайды. Қабырғалар қирап жатыр. Подъездегі есіктер сынып үлгерген. Мен бұл үшін ай сайын пәленбай мың теңге төлегім келмейді", -дейді Балнұр Ахатаева есімді келіншек.

Шымкентте облыс әкімінің өзі кілтін табыстаған үйлер шетінен қирап жатыр (фото)
Шымкентте облыс әкімінің өзі кілтін табыстаған үйлер шетінен қирап жатыр (фото): UGC

Ең сорақысы, көп қабатты үйлердегі пәтерден жылу құбырлары ұрланып кеткен. Мұны құрылыс жұмыстарын жүргізген "Эристайл КЗ" компанияның өкілдері де растап отыр.

"Ұрланған құбырларды қайтадан өзіміздің қалтамыздан қаржы шығарып сатып алып береміз. Ұрлық болса - бұл біздің проблема. Бес саусақ бірдей емес. Проблема барын мойындаймыз. Есіктерді де қойып береміз. Ал, ағаштан жасалған есік терезе қойып берген деп шағымданса, мұны құрылыс бөлімі жауап береді. Үйді біз жалпы өткізіп қойғанбыз", - дейді "Эристайл КЗ" ЖШС-нің өкілі Мұрат Құлманов.

Шымкентте облыс әкімінің өзі кілтін табыстаған үйлер шетінен қирап жатыр (фото)
Шымкентте облыс әкімінің өзі кілтін табыстаған үйлер шетінен қирап жатыр (фото): UGC

Мердігер компания қызметкерлерінің айтуынша, №100 көп қабатты үйдегі 30-дан аса пәтерден жылу құбырлары ұрланып кеткен. Дегенмен, жаңа үйлерде арнайы күзеттегі қызметкерлер тәулік бойы қарауылдап жүреді. Өйткені ресми түрде пайдалануға берілген үйлерге тұрғындар әлі көшіп үлгермеген.

Шымкентте облыс әкімінің өзі кілтін табыстаған үйлер шетінен қирап жатыр (фото)
Шымкентте облыс әкімінің өзі кілтін табыстаған үйлер шетінен қирап жатыр (фото): UGC

"Мен ұрылардың пәтерлерге қалай кіріп жүргенін түсінбеймін. Өйткені әр пәтерде темір есік қойылған. Есіктерді құлыптап қояды. Бірақ, ұрылар кірді десең есік бүлінбеген. Жылу құбырларын қалай ұрлаған сонда? Таңқалдым. Меніңше осында жүрген қарауылдардың өзі қолындағы кілтпен ашып құбырларды ұрлап кеткен", - дейді Мадина Жарылқасынова.

Шымкентте облыс әкімінің өзі кілтін табыстаған үйлер шетінен қирап жатыр (фото)
Шымкентте облыс әкімінің өзі кілтін табыстаған үйлер шетінен қирап жатыр (фото): UGC

Баспаналы болу үшін жылдап кезекке тұрған шымкенттік тұрғындар қала әкіміне арыз жазыпты. Бірақ, шаһар басшысы мемлекіттік бюджет есебінен салынып жатқан үйлердегі проблемаларды шешуге асықпайтын сыңайлы.

Ал құрылыс жұмыстарын жүргізген компания өкілдері сапасыз жұмыстарын жөндейміз деп уәде берді. Бірақ, халық бұған сенер емес. Өйткені өткен жылдың желтоқсан айында бұл үйлер тұрғындардың атына рәсімделіп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710819-symkentte-milliardtagan-karzyga-salyngan-kpkabatty-jler-setinen-kirap-zatyr-foto.html