RU

Өзімен бір күнде дүниеге келген сәбилерді құттықтаған Ақтөбе әкімі балаша қуанды (фото)

Қала басшысы Ілияс Испанов жаңажылдық түнде дүние есігін ашқан сәбилер мен ата-аналарды қос қуанышымен құттықтады деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе әкімі өзімен бір күнде дүниеге келген сәбилерді құттықтады
Ақтөбе әкімі өзімен бір күнде дүниеге келген сәбилерді құттықтады: UGC

Өз туған күнімен тұспа-тұс келген қуаныш иелерін қала әкімі құттықтап, нәрестелі болған аналардың жағдайын сұрады.

Сәбилерге «Үлкен азамат болсын» деп тілек білдірген ол арнайы жұмсақ ойыншық пен тәттілерді де тарту етуді ұмытпады.

Ілияс Испанов сөз арасында өзінің туған күні де жаңа жыл қарсаңында екенін айта кетті.

Ақтөбе әкімі өзімен бір күнде дүниеге келген сәбилерді құттықтады
Ақтөбе әкімі өзімен бір күнде дүниеге келген сәбилерді құттықтады: UGC

«1 қаңтарда мен де дүниеге келгенмін. Баяғыда әкеміз жаңа жылды тойлап жүріп, менің туылғанымды ұмытып кетіп, соңынан келген екен», — деп күліп еске алды.

Жалпы мереке түні облыс бойынша 57 бала дүниеге келген. Ақтөбе қаласында 31 желтоқсаннан 1-ші қаңтарға қараған түні 17 нәресте туылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710823-zimen-bir-knde-dniege-kelgen-sbilerdi-kttyktagan-aktbe-kimi-balasa-kuandy-foto.html