Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өлім аузындағы әкесі үшін "тұрмысқа шыққан" 11 жасар қыздың тойы елді жылатты

Опубликовано:

11 жасар қыздың үйлену тойы желі қолданушыларының көңілін босатты. Себебі онда мүлдем өзгеше рәсім болыпты. Бұл туралы lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

11 жасар қыз бен егде жастағы азаматтың үйлену тойы жұртты жылатты
11 жасар қыз бен егде жастағы азаматтың үйлену тойы жұртты жылатты: UGC

Калифорния тұрғыны Джими Зетс обыр ауруына шалдықққан. Дерті дендеп, 4-дәрежеге жеткенде ол өзінің өмірлік арманын орындағысы келіпті. 11 жасар қызы Джозидің үйлену тойын көргісі келген әке туыстарының көмегіне жүгінген.

11 жасар қыз бен егде жастағы азаматтың үйлену тойы жұртты жылатты
11 жасар қыз бен егде жастағы азаматтың үйлену тойы жұртты жылатты: UGC

Жақындары салтанатты рәсім орнын дайындап, жасөспірімге ақ түсті той көйлегін, қалыңдық гүлін алып беріпті. Осылайша үйлену тойының барлық қамы жасалған.

11 жасар қыз бен егде жастағы азаматтың үйлену тойы жұртты жылатты
11 жасар қыз бен егде жастағы азаматтың үйлену тойы жұртты жылатты: UGC

Джими арнайы ұйымдастырылған кеште қызын дін қызметшісінің алдына дейін қолынан ұстап барды. Қонақтардың жүрегін елжіреткен ерекше рәсімде той иелерін "әйелі мен күйеуі" ретінде емес, "әкесі мен қызы" деп жариялады.

11 жасар қыз бен егде жастағы азаматтың үйлену тойы жұртты жылатты
11 жасар қыз бен егде жастағы азаматтың үйлену тойы жұртты жылатты: UGC

Аталмыш мерекеден кейін бірнеше күн өткен соң Джими қайтыс болды. Алайда ол арманына қол жеткізіп үлгерді. Енді оның қызында әкесімен түскен үйлену тойының естелік суреттері бар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1710864-lim-auzyndagy-kesi-sin-trmyska-sykkan-11-zasar-kyzdy-tojy-eldi-zylatty/

pixel