RU

Атышулы Сары әулие өзіне тоқал болғысы келетін жас қыздардың көптігін айтты (фото)

Атышулы Сары әулие шариғат заңына сүйеніп төрт әйел алғанымен біреуімен ажырасып кеткен. Бұл туралы қажы NUR.KZ порталына эксклюзивті сұқбат кезінде айтты.

Марат қажы Исенбаев. Фото: NUR.KZ.
Марат қажы Исенбаев. Фото: NUR.KZ.: UGC

«Бәйбішем -Закира Астанада тұрады, парламентте жұмыс жасайды. Екінші жарым -Шымкенттің тумасы Ақмарал. Үшінші әйелім - Қанағатпен былтыр ажырасып кеттік. Дәлірек айтсам, өзім талақ айттым. Себебі екеуміздің арамызда өзара түсінбеушілік болды. Бірақ ортақ бір ұл, бір қызымыз менімен қалды. Қазір төртінші жарым, елігім Гулиярамен бақытты ғұмыр кешудемін»,- деді Марат Исенбаев.

Сары әулиенің үш жары: Ақмарал, Гулияра, Закира. Фото: NUR.KZ.
Сары әулиенің үш жары: Ақмарал, Гулияра, Закира. Фото: NUR.KZ.: UGC

Қажы елуден асқан шағында жасы кәмілетке енді толған бойжеткенге үйлену себебін былай түсіндірді.

«Қазақта «төсек жаңғырту», «жас иіс» деген бар. Өзім де бұрын ойлап жүретінмін қартайғанда жас қызға үйленсем деп. Әйелдерім де қарсы болмады. Шариғат заңы бойынша төрт әйел алуға болады. Бірақ мен енді үйленбеймін. Кенже келіншегім әлі жас, соның бақыты да жетеді»,- дейді Сары әулие.

Сары әулие кенже тоқалы Гулияра және қызы Сұлтанамен. Фото: Отбасылық мұрағат.
Сары әулие кенже тоқалы Гулияра және қызы Сұлтанамен. Фото: Отбасылық мұрағат.: UGC

Марат қажы кенже келіншегімен алғаш рет ем іздеп келгенінде танысып, кейін бойжеткен әкесінен үлкен азаматқа өзі ғашық болыпты.

«Өзі ғашық болды маған. Мен де қарсы болмадым. Әке-шешесінің алдынан өтіп, жарларымның рұқсатымен отау құрдық. Гулияраның ата-анасы менен төрт жас кіші болса да ол кісілерді «мама, папа» деп айтамын. Бұл менің кішірейіп қалғаным емес, жолдарын сыйлағаным» ,- деп түсіндірді емші.

Қажының кенже келіншегі Гулияра және қызы Сұлтана. Фото: Отбасылық мұрағат.
Қажының кенже келіншегі Гулияра және қызы Сұлтана. Фото: Отбасылық мұрағат.: UGC

Сары әулие өзіне әлі күнге дейін жас қыздардың ғашық болып, хат жазып, үйленгісі келетіндерін жасырмады.

«Маған үйленгісі келіп, ғашық болатын қыздар көп. Тіпті араларында 15 жастағылар да бар. Барлығы кішкене кезден менің атымды естіп өсіп, маған табынып кеткендер. «Аға, сізге әйел болғым келеді» деп ашық хат жазып, жиын-кештерде қасыма келіп, өтініштерін білдіріп жатады. Әйелдерім қызғанбайды. Барлығы мұндай жайтты жақсы қабылдайды. Өйткені мен оларды бөлмеймін. Тойларға бәрін бірге ертіп барып, тең көремін, жиі осындай көріністерге куә болғандықтан олар аса мән бермейді» ,- деп күлді Марат қажы Исенбаев.

Сары әулиенің халықпен жүздесуі. Фото: NUR.KZ.
Сары әулиенің халықпен жүздесуі. Фото: NUR.KZ.: UGC

Жылына 200-ден астам клиент қабылдайтын Сары әулие салық төлемейтін болып шықты.

Менің емім құны - екі мың доллар. Жыл сайын екі жүзден астам науқасты қабылдаймын. Бірақ мемлекетке салық төлемеймін. Себебі, табысымның барлығын қалтама басып жатқаным жоқ. Кедей-кепшік, жетім-жесірге таратып беремін. Талай азаматқа үй салып, пәтер сатып алуына көмектесіп жатырмын.

Марат қажы Исенбаев. Фото: NUR.KZ.
Марат қажы Исенбаев. Фото: NUR.KZ.: UGC

Сары әулие атанған емші еш уақытта көріпкелдік жасамайтын және болжамға сенбейді екен. Ол аурулардың өзін медициналық дәлелденген диагноз арқылы ғана сауықтыратынын айтып отыр. Ал ем жүргізу және халықпен жүздесу кезінде арабша киініп жүруінің сырын «Халық мені осылай жақсы қабылдайды» деп түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710913-atysuly-sary-ulie-zine-tokal-bolgysy-keletin-zas-kyzdardy-kptigin-ajtty-foto.html